БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

облыстық филиалы

Кәсіпорын 2014 жылғы сәуірде «ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бөлу жолымен «ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1076 қаулысына сәйкес құрылды.
КЕҢЕСОВА
Сандуғаш Жолдасқызы
филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, 2015 ж.
  • Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, 2018 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 19 жыл
оның ішінде «РЭДСО»-да: 6 жыл

Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Өмірбаян

ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, денсаулық сақтау кадрлары, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі, халық денсаулығының жай-күйі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуы туралы медициналық статистикалық деректерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және талдауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мемлекеттің өңірлерінде денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Жинау мен өңдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, есепке алудың, есептіліктің, медициналық және статистикалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға статистикалық мәліметтерді ұсыну.
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету үшін ақпарат жинау, өңдеу, сақтау, талдау және ұсыну.
ҚР аумағында медициналық көмек көрсетуге қатысушылар арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, салааралық және ведомствоаралық деңгейлерде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу.
БАЙЛАНЫСТАР
Мекенжайы: Орал қаласы, Алматы көшесі, 60

Телефоны: +7 7112 25 32 14

E-mail: zko.office@ezdrav.kz