АЛМАТЫ

облыстық филиалы

Кәсіпорын 2014 жылғы сәуірде «ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1076 қаулысына сәйкес «ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бөліп шығару жолымен құрылды.
УСЕНТАЕВА
Наталья Ибрагимқызы
Филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Алматы мемлекеттік медицина институты,1985 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 36 жыл
оның ішінде «РЭДСО» - да: 12 жыл

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және әртүрлі грамоталармен марапатталған.

Өмірбаян
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, денсаулық сақтау кадрлары, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі, халық денсаулығының жай-күйі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуы туралы медициналық статистикалық деректерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және талдауды ұйымдастыру

Уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен жұмыс процестерін толықтыруларға байланысты ақпараттық жүйелерді түрлендіру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және дерекқорларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалықтар мен жіктеуіштерді өзектендіру

Жинау мен өңдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, есепке алудың, есептіліктің, медициналық және статистикалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру

ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға статистикалық мәліметтерді ұсыну
ҚР аумағында медициналық көмек көрсетуге қатысушылардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, салааралық және ведомствоаралық деңгейде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау жүйесінде қолданыстағы дерекқордың бірыңғай әдіснамасы мен қалыптастыру технологиясын қамтамасыз ету және ұстану
Аудандарда денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Денсаулық сақтаудың ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ұйымдастыру мәселелері бойынша аудандарға ұйымдастық-әдістемелік көмек көрсету
Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге қатысу
БАЙЛАНЫСТАР
Мекенжайы: Талдықорған қаласы,
Ю. Гагарин көшесі, 159 А

Телефоны: +7 7282 41 02 86

E-mail: alm.office@ezdrav.kz