АҚТӨБЕ



облыстық филиалы

Мекеме 2013 жылы құрылды. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы №1076 қаулысымен қайта құрылды

Қызметтің негізгі мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын және медициналық статистиканы жетілдіру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
МАЗИН
Мира Жексенқызы
филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, 1987 ж.

Жалпы жұмыс өтілі: 42 жыл
оның ішінде «РЭДСО» - да: 11 жыл

Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі үшін бірнеше рет Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Өмірбаян
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР

РЭДСО облыстың барлық аумағында «Электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді, ақпараттық қауіпсіздік және жеке тұлғалардың жеке деректерін қорғау талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға медициналық-статистикалық ақпарат береді.

Филиал ҚР ДСМ-ға «Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқаулардың деректерін жинау және өңдеу, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» және «ҚР Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бағдарламалық кешендер мен электрондық тіркелімдерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын іске асыру бойынша қызметтерді ұсынады.

БАЙЛАНЫСТАР
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 13

Телефоны: +7 7132 50 23 25

E-mail: akt.office@ezdrav.kz