МАЗИН
Мира Жексенқызы
Ақтөбе облыстық филиалының
директоры
Білімі жоғары:
  • Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, 1987 ж.

Жалпы жұмыс өтілі: 42 жыл

оның ішінде «РЭДСО» - да: 11 жыл

1962 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келді.

Білімі жоғары, 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді.
Жоғары санатты ұйымдастырушы-дәрігер. Жалпы жұмыс өтілі 42 жыл, саладағы жұмыс өтілі – 34 жыл.

Халықаралық Бизнес Академиясында оқыды - магистр дәрежесі, академиялық дәреже - MBA, әкімшілік бизнес магистрі.

1987 жылдан 1993 жылға дейін Байғанин ауданының орталық ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап 2010 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық статистика және информатика бөлімінде жұмыс істеді.

2010 жылы «Республикалық ақпараттық-сараптау» орталығы» Ақтөбе өңірлік филиалы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2013 жылдан - Орталықтың директоры.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия мүшесі.

Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі үшін бірнеше рет  денсаулық сақтау жүйесінің төсбелгілерімен, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.