ҚЫЗЫЛОРДА
облыстық филиалы

Кәсіпорын 2014 жылғы сәуірде «ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бөлу жолымен «ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1076 қаулысына сәйкес құрылды.
НӘЛІБАЕВА
Сәуле Мәделханқызы
Филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Семей мемлекеттік медицина институты, 1989 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 33 жыл
оның ішінде «РЭДСО»-да: 15 жыл

Медицина қызметкері күніне орай «Алтын дәрігер» төсбелгісімен, сондай-ақ түрлі алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған.

Өмірбаян
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
Филиал қызметінің мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын (электрондық денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы жетілдіру, зерттеулер жүргізу, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады
ҚР Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, денсаулық сақтау кадрлары, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі, халық денсаулығының жай-күйі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуы туралы медициналық статистикалық деректерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және талдауды ұйымдастыру
Жинау мен өңдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, есепке алудың, есептіліктің, медициналық және статистикалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға статистикалық мәліметтерді ұсыну
Медициналық ұйымдардың статистикалық есебі мен есептілігінің жай-күйіне мониторинг жүргізуге қатысу және деректердің дұрыстығын іріктеп тексеру
ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте медициналық қызметтерге ақы төлеу бойынша мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, талдау және ұсыну
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау жүйесінде қолданыстағы дерекқордың қалыптастырудың бірыңғай әдіснамасы мен технологиясының сақталуын қамтамасыз ету
Денсаулық сақтаудың ақпараттық инфрақұрылымын ұйымдастыру және қалыптастыру мәселелері бойынша өңірлерге ұйымдастық-әдістемелік көмек көрсету
Халықтың денсаулық жағдайы және мемлекеттің денсаулық сақтау туралы талдамалық шолуларды дайындау және жариялау
Медициналық статистика қызметінің жұмысын үйлестіруге қатысу
Халық денсаулығының көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу
БАЙЛАНЫСТАР
Мекенжайы: Қызылорда қаласы,
Абай даңғылы 27, 4-қабат

Телефоны: +7 7242 23 43 89

E-mail: kzo.office@ezdrav.kz