КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы қаулысымен құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.

РЭДСО қызметінің негізгі мақсаты денсаулық сақтау және медициналық статистика жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын жетілдіру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
РЭДСО қызметінің негізгі мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын жетілдіру арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады
РЭДСО өңірлердің филиалдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының барлық аумағында «Электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді, атқарушы биліктің республикалық және жергілікті мемлекеттік органдарына, жеке және заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғау бойынша талаптарды сақтаумен медициналық-статистикалық ақпаратты ұсынады.

РЭДСО Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне «Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық бақылау деректерін жинау және өңдеу, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер» және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы кейбір бағдарламалық кешендерді және электрондық тіркелімдерді (ақпараттық жүйелерді) сүйемелдеу және Ұлттық телемедициналық желіні пайдалануды қамтамасыз ету қызметтері» мемлекеттік тапсырмасын іске асыру бойынша қызметтерді көрсетеді.

Алға қойылған міндеттерді орындау шеңберінде біздің орталық жеке медициналық ақпараттық жүйелермен және шешімдермен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы үшін бірыңғай ақпараттық алаңды енгізу үшін барлық қажетті техникалық жағдайларды белсенді енгізіп, әзірлейді.

Біз алдымызға басқа елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеген және еліміздің электрондық денсаулық сақтауға, жалпы саланы жетілдіру бағыттарына, сондай-ақ әрбір пациенттің денсаулық деңгейін арттыруға қойылатын талаптарын ескере отырып, жүйелер мен технологияларды енгізу үшін көптеген міндеттерді қоямыз.

СЕРІКТЕСТЕР