1961 жылы 1 шілдеде Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарымсақ ауылында дүниеге келді.
1975 жылы Қапал орта мектебін бітірді.
1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Стоматология» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы бастады. Жалпы еңбек өтілі 36 жылды құрайды.
1985 жылдан бастап 1996 жылға дейін Алматы облысының аудандық ауруханаларында тіс дәрігері лауазымында жұмыс істеді.
1996-1998 жылдары Міндетті медициналық сақтандыру қорының Талдықорған филиалының директоры болып жұмыс істеді.
1998-2001 жылдары Алматы облысы «Ескелді ауданының ОАА МКК дәрігер-әдіскері болып жұмыс істеді.
2001-2009 жж. Алматы облысы «Ескелді ауданының ОАА» МКК медициналық қызмет көрсету бойынша бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылы ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.
2003 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Денсаулық сақтауды басқару мен экономикасының заманауи мәселелері» тақырыбында оқу курсынан өтті.
2007 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің жанында Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Ауруханалық көмек: басқару және ұйымдастыру» циклі бойынша біліктілігін жоғарылатты.
2011 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» циклі бойынша біліктілігін жоғарылатты.
2013 жылы 9-АХЖ, 10-АХЖ сәйкес «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қатысушыларын клиникалық - шығындық топтар бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек үшін ақы төлеу, жағдайларды сараптау және «Кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша амбулаториялық - емханалық көмекті қаржыландыру мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін» клиникалық кодтау мәселелері бойынша оқыту» тақырыбындағы оқудан өтті.
2019 жылы «Республикалық медициналық академия» Алматы облыстық филиалында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілігін жоғарылатты. Алматы облысы бойынша «Ұлттық оқыту-клиникалық орталығы» ЖШС-да «Симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, дәрігерлік істе практикалық дағдылардың алгоритм негіздері» семинар-тренингіне қатысты.
«Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санаты бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Алматы облысы әкімінің грамоталарымен марапатталған.
2017 жылы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және әртүрлі грамоталармен марапатталған.