ҰСЫНЫЛАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕР
  • 1
    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, денсаулық сақтау кадрлары, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі, халық денсаулығының жай-күйі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуы туралы медициналық статистикалық деректерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және талдауды ұйымдастыру
  • 2
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мемлекеттің өңірлерінде денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  • 3
    Жинау мен өңдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, есепке алудың, есептіліктің, медициналық және статистикалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру
  • 4
    ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға статистикалық мәліметтерді ұсыну
  • 5
    ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету үшін ақпарат жинау, өңдеу, сақтау, талдау және ұсыну
  • 6
    ҚР аумағында медициналық көмек көрсетуге қатысушылар арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, салааралық және ведомствоаралық деңгейлерде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу
  • 7
    Медициналық статистика қызметінің жұмысын үйлестіруге қатысу
  • 8
    Медициналық ұйымдардың статистикалық есебі мен есептілігінің жай-күйінің мониторингіне қатысу және деректердің дұрыстығын іріктеп тексеру
  • 9
    Халық денсаулығының көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу
  • 10
    Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау жүйесінде қолданыстағы дерекқордың бірыңғай әдіснамасы мен қалыптастыру технологиясының сақталуын қамтамасыз ету
  • 11
    Халықтың денсаулық жағдайы және мемлекеттің денсаулық сақтау туралы талдамалық жинауды дайындау және жариялау
  • 12
    Денсаулық сақтаудың ақпараттық инфрақұрылымын ұйымдастыру және қалыптастыру мәселелері бойынша өңірлерге ұйымдастық-әдістемелік көмек көрсету
  • 13
    Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге қатысу
  • 14
    Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамыту Тұжырымдамасына сәйкес денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін, қағидалар мен стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, озық тәжірибені зерттеу, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге оқыту, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
  • 15
    Ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің іс-қимылдарына мониторинг жүргізу, әзірлеу және пысықтау сатысындағы ақпараттық жүйелердің стандарттарына (оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына) жобалау және техникалық құжаттаманың сәйкестігін бағалау, бағдарламалық кешендерді тестілеу
  • 16
    Уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен жұмыс процестерінің толықтыруларына байланысты ақпараттық жүйелерді түрлендіру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және дерекқорларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды өзекті ету