Сандуғаш Жолдасқызы
оның ішінде «РЭДСО» - да: 6 жыл
25.06.1985 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында дүниеге келді.
1996 жылдан бастап 2001 жылға дейін Аққозы кенті, Қаратөбе ауданының жалпы орта білім беретін мектебінде оқыды.
2001-2002 жылдары Орал қаласындағы «№5 кәсіптік-техникалық лицейде» «Электрондық есептеу машиналарының операторы» мамандығы бойынша оқыды.
2002-2006 жылдары «Қаратөбе ауданының ТМЖ» ММ ЭЕМ операторы болып жұмыс істеді.
2006 жылы «Медициналық ақпараттық-талдау орталығы» МҚК «ДБ әкімшісі» лауазымында жұмысын бастады.
2015 жылғы 1 сәуір мен 2017 жылғы 20 маусым аралығында ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалында Денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы шілдеде ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК БҚОФ директоры болып тағайындалды.
Жұмыс барысында «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде» Қаржы жұмысы бойынша экономист мамандығы бойынша арнайы орташа білім алды.
2015 жылы «Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін» сырттай оқып бітіріп, Экономика және бизнес мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом алды.
2018 жылы «ҚазИТЖИ» - ды «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама» мамандығы бойынша бітіріп, «Техника ғылымдары және технологиялар бакалавры» біліктілігі берілді.
2009 жылы Астана қаласында «Стационарлық (стационарды алмастыратын) көмек үшін ақы төлеу мәселелері (денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандар үшін)» тақырыбы бойынша біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті.
2011 жылы Астана қаласында «Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» циклі бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарылату курстарын тыңдады.
2018 жылы Орал қаласында «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» тақырыбы бойынша ҚР ДСМ семинарына қатысты.
2019 ж. Нұр-Сұлтан қ. – «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» циклі бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілігін жоғарылатты.
2019 ж. Орал қ. – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларының негіздері бойынша курс тыңдаушысы» сертификаты.
2018, 2020 жылдары облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.