19.10.2022
Вакцинация бойынша мәліметтерді түзету сервисі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872  “ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шеңберінде «РЭДСО»  РМК, ҚР ДСМ, ҚР ЦДИАӨМ және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп "электрондық үкімет" порталында вакцинация жөніндегі мәліметтерді түзету сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізді. Жаңа сервис азаматтарға мемлекеттік органдарға хабарласу уақытын қысқарта отырып, алынған екпе туралы дұрыс емес мәліметтерді дербес өзектендіруге мүмкіндік береді.

Енді қазақстандықтар төмендегі ақпаратты түзете алады:
* вакцинаның атауы;
* вакцинаның алынған күні;
* вакцина түрі;
* вакцина өтетін орны.

Ол үшін азамат eGov.kz  порталында өтінім беруі қажет. Сұраныс сәтті өңделген кезде жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді.
Осы сервистің арқасында азаматтардың вакцинация туралы деректерін өзектендіру және өтініштерді өңдеу жеделдігі артады. Сондай-ақ құжат айналымын және тиімсіз бюрократияны қысқартуға ықпал етеді.