10.11.2022
Цифрландыру күніне орай РЭДСО қызметкерлерін марапаттау
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б.С. Есенбаевтың қатысуымен Цифрландыру және ақпараттық жүйелер қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесіне орай РЭДСО қызметкерлерін марапаттау өтті. Іс-шара барысында вице-министр өзінің құттықтау сөзінде денсаулық сақтау саласын цифрландырудағы бірқатар маңызды жетістіктерді атап өтіп, РЭДСО қызметкерлерінің Қазақстандағы IT-саланы дамытуға қосқан адал еңбегі мен үлесін атап өтіп, марапаттар табыс етті.

Сонымен қатар, іс-шара соңында Бас директор А.А. Сарманов ұжымды мерекемен құттықтап, өз сөзін жақсы тілектермен және алғыс сөздермен аяқтады.