10.09.2021
Гүлназ Мұқажанова «Айтарым бар» бағдарламасына қатысты
2021 жылғы 10 қыркүйекте ҚР ДСМ АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы Гүлназ Мұқажанова "Астана" телеарнасында "Цифрлық мемлекет" тақырыбы бойынша "Айтарым бар" бағдарламасына қатысты.

Тікелей эфирде Қазақстанның денсаулық сақтау саласын цифрландыру, РЭДCО-ның медицина мен IT саласындағы рөлі мен қызметі, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Эфирде ҚР ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ, Damumed және басқа да өкілдері қатысты.