ДСМ пен ЦДИАӨМ бірлескен жобасы ҚР Президентіне ұсынылды.
2021 жылғы 6 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық талдау орталығын, Цифрлық трансформация орталығын және Ұлттық жобалық кеңсені қамтитын Цифрлық үкімет кеңсесінің жұмысын бастады, деп хабарлайды Ақорда.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусин Президентке Цифрлық үкімет кеңсесінің негізгі міндеттері мен жобалары туралы баяндады.
Соның ішінде, Президентке РЭДСО мен ҚР ЦДИАӨМ ынтымақтастығы аясында құрылған халықты вакцинациялау қарқыны мен қамту бойынша цифрлық мониторинг жобасы ұсынылды.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында ЦДИАӨМ және ДСМ Қазақстан Республикасында да, өңірлер бөлінісінде де эпидемиологиялық жағдайдың көрінісін қалыптастыра алады, сондай-ақ халықты вакцинациялаудың қарқыны мен өсу қарқынын қадағалай алады.
Сондай-ақ Цифрлық үкімет кеңсесінің ахуалдық орталығында біздің мамандар жасаған өңірлерде стационарлар бөлінісінде төсек-орындардың бар-жоғы туралы интерактивті карта көрсетілді. Осылайша, мемлекет бос төсек-орындардың болуы туралы жағдайды қадағалап, өңірдегі денсаулық сақтау саласына жүктемені бағалай алады. Іс-шара барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР-дағы вакцинация қарқынының қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады.