ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
Түркістан облыстық филиалы
  • 1
    ҚР Денсаулық сақтау саласындағы НҚА сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, денсаулық сақтау кадрлары, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі, халық денсаулығының жай-күйі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, МҰ жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуы туралы медициналық статистикалық деректерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және талдауды ұйымдастыру.
  • 2
    Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсетуге қатысушылардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, салааралық және ведомствоаралық деңгейде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу;
  • 3
    Жинау мен өңдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, есепке алудың, есептіліктің, медициналық және статистикалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру
  • 4
    ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға статистикалық деректерді ұсыну
  • 5
    ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, талдау және ұсыну
  • 6
    Медициналық статистика қызметінің жұмысын үйлестіруге қатысу
  • 7
    Медициналық ұйымдардың статистикалық есебі мен есептілігінің жай-күйінің мониторингіне қатысу және деректердің дұрыстығын іріктеп тексеру
  • 8
    Халық денсаулығының көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу
  • 9
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 03 қыркүйектегі №498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі-Қазақстан Республикасының электрондық Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамалары) мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет өңірлерінде Денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  • 10
    Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау жүйесінде қолданыстағы дерекқордың бірыңғай әдіснамасы мен қалыптастыру технологиясының сақталуын қамтамасыз ету
  • 11
    Халық денсаулығының жай-күйі мен мемлекеттің денсаулық сақтау мәселелері бойынша талдамалық жинақтарды дайындау және жариялау
  • 12
    оказания организационно-методической помощи регионам по вопросам организации и формирования информационной инфраструктуры здравоохранения
  • 13
    Денсаулық сақтаудың ақпараттық инфрақұрылымын ұйымдастыру және қалыптастыру мәселелері бойынша өңірлерге ұйымдастық-әдістемелік көмек көрсету
  • 14
    Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге қатысу
  • 15
    Электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін, қағидалары мен стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, озық тәжірибені зерттеу, ақпараттық жүйелердің жұмысына оқыту, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
  • 16
    Ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің іс-қимылдарына мониторинг жүргізу, әзірлеу және пысықтау сатысындағы ақпараттық жүйелердің стандарттарына (оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік) жобалау және техникалық құжаттаманың сәйкестігін бағалау, бағдарламалық кешендерді тестілеу
  • 17
    Уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен жұмыс процестерін толықтыруларға байланысты ақпараттық жүйелерді түрлендіру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және дерекқорларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалықтар мен жіктеуіштерді өзектендіру
  • 18
    Денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыруды дамыту шеңберінде ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау
  • 19
    Өзге бағдарламалық жасақтамаларды дамытуға және техникалық қолдауға қатысу
  • 20
    Медициналық ұйымдардың желілік ресурстарына персоналдың қолжетімділігін белгілеу және басқару бойынша жұмыстарды жүргізу
    Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру бойынша жұмыстар мониторингі
  • 21
    Ақпараттық жүйелерді енгізу шеңберінде медициналық ұйымдар деңгейінде енгізу процестерін бақылау
  • 22
    Ақпараттық жүйелерді дамытуда медициналық статистикалық есептілікті қалыптастыру әдіснамасы бойынша қызметтер көрсету
  • 23
    Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, денсаулық сақтау саласында жеке және заңды тұлғаларға цифрландыру саласындағы ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету
  • 24
    Медициналық кадрлардың біліктілігін жоғарылаты және оларды алдын ала даярлау жолымен, сондай-ақ неғұрлым сапалы нәтиже және ғылыми негіздеме алу үшін жобаларды бірлесіп іске асыру мақсатында кадрларды даярлау, қоғамдық денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және статистика саласындағы қосымша кәсіптік білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату
  • 25
    Денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласында біліктілікті жоғарылату бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • 26
    Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық жобаларды және оларды іске асыру бойынша есептерді ұйымдастыру, жүргізу және әдіснамалық сүйемелдеу
  • 27
    Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу
  • 28
    Денсаулық сақтау саласындағы мониторинг және бағалау, сондай-ақ реттеушілік әсерді бағалау жүйесін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу
  • 29
    Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының жай-күйін, демографиялық және медициналық-әлеуметтік ахуалды және оның жақын және алыс перспективаға арналған болжамын әзірлеу мен бағалауға талдамалық шолулар жасауға қатысу
  • 30
    Қызмет бейіні бойынша съездер, конференциялар, симпозиумдар, форумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру, өткізу және олардың жұмысына қатысу
  • 31
    Қазіргі заманғы технологиялық шешімдер базасында денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруды дамытуға қатысу
  • 32
    Салалық статистиканы қалыптастыруды ұйымдастыруға қатысу, ақпаратты жинау мен талдаудың қазіргі заманғы әдістері мен технологиялары негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдау үшін ақпаратқа көпвекторлы медициналық-экономикалық талдау жүргізу
  • 33
    Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес Кәсіпорынның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету