«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ»
- бұл денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу
және жетілдіру бойынша кәсіби команда, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы дерекқорларды қалыптастырудың бірыңғай әдіснамасы мен технологиясын басқару және сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі
жетекші орталық...
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы медициналық қызметтер көрсетудің сапасын, тиімділігін, қолжетімділігін және ыңғайлылығын арттыру. Қазіргі заманғы технологиялық шешімдер базасында денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруды (цифрландыруды') дамытуға қатысу.
ҚР денсаулық сақтау саласын цифрландыруды, денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай цифрлық ақпараттық кеңістігін дамытуды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, медициналық-статистикалық ақпарат массивтерін өңдеу, сондай-ақ денсаулық сақтаудың ақпараттық бағдарламаларын ұлттық деңгейде іске асыру және сүйемелдеу.