РОЖДЕСТВЕНСКИЙ Александр Викторович
филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2001 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл

оның ішінде «РЭДСО»-да: 13 жыл

1979 жылы 5 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келді.

2001 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітіріп, инженер-бағдарламашы біліктілігін алды. 

Еңбек жолын университеттегі оқуымен қатар бастады, 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін «Кең Дала» ЖШС инженер-бағдарламашы болып жұмыс істеді.

2003 жылдың шілде айынан бастап «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» КМҚК-да инженер-бағдарламашы болып жұмыс істеді.

2006 жылдың тамыз айынан бастап Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық ақпараттық-талдау орталығы» КМК ақпараттық сүйемелдеу және әкімшілендіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2008 жылғы маусым айынан бастап директордың орынбасары болып тағайындалды, 2009 жылғы сәуір айынан бастап ҚО ДСБ «МАТО» ШЖҚ РМК, ҚР ДСМ «РАТО» ШЖҚ РМК ҚОФ, ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК ҚОФ, ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК ҚОФ директоры лауазымына тағайындалды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.

2007 жылы «инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша жоғары санат берілді.

2009 жылы Алматы қаласында қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету» циклы бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтті.

2014 жылы Алматы қаласында қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Денсаулық сақтау менеджменті» циклы бойынша кадрларды қайта даярлаудан өтті.

2015 жылы «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау менеджментінің негізгі мәселелері» циклі бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтті.

2009 жылы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Медицина қызметкері күніне орай Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2010 жылы Медицина қызметкері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғысы жарияланды.

2012 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2013 жылы Қарағанды қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы Медицина қызметкері күніне орай Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің медалімен марапатталды.

Басшы ретінде жұмыс істеген жылдары Александр Викторович сауатты мамандардың үйлесімді командасын құрды, денсаулық сақтау саласының басқару органдарымен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастырды.

Денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша облыстық және республикалық ауқымдағы семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады.