17.09.2025
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы KazHackStan 2025-ке қатысты
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы 2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Алматыда өткен Орталық Азиядағы ең ірі киберконференция – KazHackStan 2025-ке қатысты.

РЦЭЗ-дан бас директордың орынбасары Рахимбаев Б. және ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры Жапбасбай Б. қатысты.

Конференция цифрлық қауіпсіздіктің болашағын талқылау үшін сарапшылар мен ұйымдарды бір арнаға тоғыстырды.

Бұл біз үшін озық тәжірибелерді меңгеріп, оларды денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы азаматтарға арналған цифрлық сервистерді одан әрі қауіпсіз етуге үлкен мүмкіндік.