07.12.2023

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы IDC Government Innovation Forum 2023 іс-шарасына қатысты

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы IDC Government Innovation Forum 2023, Қазақстанның ірі мемлекеттік ұйымдары мен мекемелерінің, ұлттық компанияларының, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ IDC талдаушылары мен жетекші халықаралық технологиялық компаниялардың сарапшыларын жинаған жыл сайынғы іс-шараға қатысты.

IDC жетекші халықаралық талдау агенттігі ұйымдастырған іс-шара 7 желтоқсанда Астанада өтті. 100-ден астам қатысушы цифрлық үкіметті дамытудың, мемлекеттік секторда жасанды интеллектті пайдаланудың, кибер-тәуекелдерді азайтудың, цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртудың және басқа да маңызды тақырыптардың өзекті мәселелерін талқылай алды.

 IDC Government Innovation Forum 2023 - те сондай-ақ IDC талдаушылары Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жүргізген Қазақстандағы IT нарығын зерттеу нәтижелері ұсынылды.