05.12.2023

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.

 2023 жылы 4-5 желтоқсанда Астанада өткен іс-шара денсаулық сақтау және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші сарапшыларды жинады.

Дөңгелек үстел 2024-2028 жылдар аралығында телемедицинаны дамытудың ұлттық тұжырымдамасын әзірлеуге орайластырылды. Оның мақсаты телемедицинаны дамытудың стратегиялық бағыттары мен негізгі принциптерін талқылау және тұжырымдаманың бастапқы жобасын дайындау болды.

Іс-шарада сарапшылар денсаулық сақтау және телемедициналық технологияларды енгізу саласында тәжірибе және білім алмасты. Қатысушылар стратегиялық көзқарасты, негізгі әрекеттерді және телемедицинаның даму көрсеткіштерін анықтау үшін ой-дода өткізді.