01.12.2023

Вакцинациямен қамтуды мониторингілеу бойынша цифрлық шешімдер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросында вакцинамен басқарылатын инфекциялар және иммундау жөніндегі Сидхарта Датта өңірлік кеңесшінің сапары аясында, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері вакцинациямен қамтуды мониторингілеу бойынша цифрлық шешімдерді көрсетті.

Кездесуде COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация науқаны аясында әзірленген дашбордтар көрсетілді.

Таныстырылымның негізгі сәттерінің бірі «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі «Вакцинация» модулі болды. Бұл модуль бізге өңірдегі вакцинация процесін тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қатысушылар COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы деректерді жинау және мониторингілеу процесін, сондай-ақ Қазақстанда жоспарлы вакцинацияны цифрландыру жөніндегі жоспарларды талқылады.