24.11.2023

Нұрпейісова Айымжан спикер ретінде “Инновацияларды ынталандыру” атты Жас Денсаулық сақтау көшбасшыларының Бірінші республикалық форумына қатысты

24 қарашада Процестерді цифрландыру департаментінің директоры Нұрпейісова Айымжан спикер ретінде “Инновацияларды ынталандыру” атты Жас Денсаулық сақтау көшбасшыларының Бірінші республикалық форумына қатысты.

Форумға Қазақстандық жас көшбасшылар қауымдастығы бастамашы болды,
Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Астана медицина университетінде медицина саласының озық жастарының ынтымақтастығы үшін және денсаулық сақтау саласының алдында тұрған маңызды мәселелер мен сын-тегеуріндердің кең ауқымын талқылауға арналған платформа болды.

Форумда презентациялар ұсынылды, денсаулық сақтауды қалыптастырудың инновациялық тәсілдері шеңберінде көрнекті сарапшылардың панельдік пікірталастары мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.