Күн хроникасы: Астанада өткен воркшопта медициналық жасанды интеллектіні дамыту негіздері талқыланды
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен Astana Hub ұйымдастырған воркшопқа «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» (РЭДСО) өкілі Азат Жанатұлы Макенов қатысты.
Баяндаманың негізгі тақырыбы – қауіпсіз ЖИ-сервистерін іске қосу үшін медициналық деректерді дайындау және цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Баяндаманың басты тезисі: ЖИ модельден емес, сапалы деректерден, қорғалған цифрлық контурдан және SmartBridge арқылы деректер алмасудың бірыңғай қағидаларынан басталады.
Мысал ретінде 20 өңірде жұмыс істейтін «Штат кестесі» ЖИ-агенті ұсынылды. Оның көмегімен қолмен салыстыруға кететін уақыт 2–4 сағаттан 5 минутқа дейін қысқарып, қателер саны 90%-ға азайған.
Сонымен қатар РЭДСО иесіздендірілген деректер жиынтықтарына арналған бірыңғай стандарттарды, қауіпсіз сынақ ортасын және пилоттық жобаларды бағалаудың нақты критерийлерін енгізуді ұсынды.