Қазақстан астанасында Nazarbayev University алаңында «Цифрлық кеңістіктегі қоғамдық денсаулық және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігі» тақырыбында өткен алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) бойынша екі күндік Халықаралық конгресс өз жұмысын аяқтады.
АСТАНА, 2026 жылғы 13 қараша – Қазақстан астанасында Nazarbayev University алаңында «Цифрлық кеңістіктегі қоғамдық денсаулық және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігі» тақырыбында өткен алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) бойынша екі күндік Халықаралық конгресс өз жұмысын аяқтады.
Іс-шараға шамамен 1 000 қатысушы, оның ішінде сегіз елден келген 85-тен астам шетелдік қонақ пен бейінді сарапшы қатысты. Конгресс Алма-Ата (1978 ж.) және Астана (2018 ж.) декларацияларында негізі қаланған денсаулық сақтаудың алғашқы буынын трансформациялау жөніндегі диалогты жалғастырды. Іс-шараның іскерлік бағдарламасы аясында Бас директордың орынбасары Алмас Қазбекұлы Крамшеев баяндама жасады.
Конгрестің негізгі бағыттары
Пленарлық және панельдік сессияларды, тақырыптық секцияларды, практикалық шеберлік сабақтарын және Астана қаласының медициналық ұйымдарына көшпелі сапарларды қамтыған ауқымды бағдарлама аясында қатысушылар МСАК жүйесін дамытудың басым бағыттарын талқылады:
Көпсалалы тәсіл және көмекті интеграциялау. Жалпы практика дәрігерлерінің жетекшілігімен жұмыс істейтін, құрамына мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен акушерлер кіретін көпсалалы командалар моделіне, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде медициналық және әлеуметтік көмекті интеграциялауға ерекше назар аударылды.
Цифрлық трансформация және жасанды интеллект. Сарапшылар емханалардың жұмысына заманауи цифрлық құралдарды енгізу және алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен қолдану қағидаттарын қарастырды.
Конгресс саланың мамандары мен серіктестерін марапаттау рәсімімен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кәсіби нетворкинг сессияларымен аяқталды.