31.10.2023
Республиканскалық электрондық сақтау орталығы ДСМ мен ДДСҰ қатысуымен ҚР Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында кеңеске қатысты
Бүгін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен кеңеске қатысты.

Кеңестің негізгі тақырыбы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Еуропалық өңірлік Комитетпен одан әрі ынтымақтастығын және оның Қазақстандағы иммундау қызметтерінің сапасын арттырудағы рөлін талқылау болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп «Smart Data Ukimet» платформасында жүргізілген дэшбордтар, кестелер мен талдамалық жұмыстар көрсетілді. Бұл талқылау Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі басым бағыттардың бірі ретінде иммундауды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.