27.10.2023
“Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және емдеудің жаңа әдістеріне уақытылы қол жеткізу саласындағы Швециямен трансшекаралық тәжірибе алмасу”семинары өтті
2023 жылы 27 қазанда Қазақстан мен Швецияның өкілдері, оның ішінде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі, Швецияның Қазақстандағы Елшісі, Швецияның Медициналық тауарлар жөніндегі агенттігінің бас директоры, Польшадағы, Румыниядағы және Еуразиядағы өңірлік директор, Швецияның Сауда және инвестициялық кеңесі, сондай-ақ ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы қатысқан тереңдетілген семинар өтті.

Семинардың бірінші сессиясы шеңберінде жаңа дәрілік заттарға қол жеткізуді жеделдету үшін мемлекеттік дәрілік өтем жүйесіндегі медициналық технологиялар мен шешімдерді бағалаудың рөлі талқыланды. Инновациялық препараттарды енгізу, қаржыландыру көздерінің тетіктері және қымбат препараттарға шығындарды өтеу мәселелері қаралды.

Семинардың екінші сессиясында жаңа емдеу әдістерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау тетіктерін ұйымдастыруға, олардың шектеулеріне және дәрілік заттарды бағалаудың ықтимал балама жолдарына ерекше назар аударылды.

Конференцияға қатысушылар Швед Денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде ДСТБ (Денсаулық сақтау технологияларын бағалау)технологиясын қолдана отырып, жаңа медициналық технологияларды бағалау және енгізу әдістерін қарастырды. Сондай-ақ, шетелдік тәжірибені қолдануға және осы салада пікір және білім алмасуға байланысты аспектілер талқыланды.