Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтті
24-26 қазанда Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтті, оған Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы қатысты. Денсаулық сақтау министрлері және еуропалық аймақтағы ДДCҰ-ға мүше 53 мемлекеттің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерді талқылау үшін жиналды.
Үш күндік іс-шара аясында жұмыс сессиялары өткізілді, онда Қазақстан мен жалпы Еуропалық аймақ үшін өзекті тақырыптар талқыланды. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күресу, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою және өңірлік стратегияларды қалыптастыру туралы мәселелер талқылаудың негізгі тақырыптарына айналды.
Cессияға қатысушылар алдағы жылдарға арналған Денсаулық сақтау стратегиялары мен іс-қимыл жоспарларын талқылады.
23 қазанда сессия басталар алдында ДДCҰ Еуропалық өңірлік бюросы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі ұйымдастырған Алматы конференциясының 45 жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Астана декларациясының 5 жылдығына арналған халықаралық Конференция өтті.
Оған қатысатын жаһандық серіктестер МСАК(медициналық-санитариялық алғашқы көмек) саласындағы прогресті қорытындылады және алдағы онжылдықта МСАК-ке бағдарланған денсаулық сақтау жүйелерін құрудағы саясаттың негізгі бағыттары мен практикалық тәсілдерін талқылады.