1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі — Келісім) «Salauat» мобильдік қосымшасын (бұдан әрі — Қосымша) пайдалану тәртібін реттейді, Қосымшаның Пайдаланушысының, Иесінің және Әкімшісінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1.2. Қосымшаны пайдалана отырып, Пайдаланушы осы Келісіммен танысқанын, оның талаптарын түсінетінін және оларды толық көлемде қабылдайтынын растайды.
1.3. Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
· Қосымша — пайдаланушыларға денсаулық сақтау саласындағы электрондық сервистерге, ақпаратқа және мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беруге арналған ақпараттық ресурс.
· Пайдаланушы — Қосымшаны пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
· Қосымшаның иесі — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
· Қосымшаның әкімшісі — Қосымшаны техникалық сүйемелдеуді, дамытуды және пайдалануды қамтамасыз ететін ұйым.
· Мемлекеттік ақпараттық жүйелер — Қосымша интеграция арқылы өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері.
Өзге терминдердің барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
2. Келісімнің нысанасы
2.1. Осы Келісім жария оферта болып табылады.
Қосымшаны пайдалана бастау Пайдаланушының осы Келісімнің талаптарымен толық келісетінін білдіреді.
2.2. Қосымша мынадай мақсаттарға арналған:
· денсаулықсақтау саласындағы электрондық сервистерге қолжетімділік беру;
· анықтамалық ақпарат беру;
· мемлекеттікақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
· мемлекеттікақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынған мәліметтерді көрсету;
· мемлекеттікқызметтерді және өзге де ақпаратты алу үшін пайдаланушыларды ресми мемлекеттік ақпараттық ресурстарға бағыттау.
2.3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қосымша сыртқы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналастырылған ақпараттың иесі болып табылмайды.
2.4. Қосымшада көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік органдар, медициналық ұйымдар және өзге де уәкілетті ұйымдар интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы ұсына алады.
2.5. Сыртқы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және өзектілігі үшін тиісті ақпараттық жүйелердің иелері өз құзыреті шегінде жауапты болады.
3. Тіркеу және авторизациялау
3.1. Қосымшаның жекелеген функцияларын пайдалану үшін Пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру және аутентификациялау рәсімінен өту талап етілуі мүмкін.
3.2. Пайдаланушы тек өзінің сәйкестендіру құралдарын пайдалануға және оларды үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді.
4. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
Пайдаланушының мынадай құқықтары бар:
· Қосымшаныңсервистерін олардың мақсатына сәйкес пайдалану;
· Қосымшадаорналастырылған ақпаратқа қол жеткізу;
· Қосымшаныңжұмыс істеуі мәселелері бойынша қолдау қызметіне жүгіну.
Пайдаланушының мынадай міндеттері бар:
· Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
· сервистерді пайдалану кезінде дұрыс ақпарат беру;
· Қосымшаның жұмысқа қабілеттілігін бұзуға бағытталған әрекеттер жасамау;
· Қосымшаны құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланбау;
· ақпаратты рұқсатсыз жинамау;
· Қосымшаның жұмысын бұзуы мүмкін бағдарламалық құралдарды пайдаланбау.
5. Иесі мен Әкімшісінің құқықтары мен міндеттері
Иесі мен Әкімшісінің мынадай құқықтары бар:
· Қосымшаның функционалдық мүмкіндіктерін өзгерту;
· техникалық жұмыстар жүргізу;
· жекелеген сервистерге қолжетімділікті уақытша шектеу;
· осы Келісім не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда Пайдаланушының қолжетімділігін тоқтата тұру.
Иесі мен Әкімшісінің мынадай міндеттері бар:
· Қосымшаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
· ақпаратты қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
· дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.
6. Сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграция
6.1. Қосымша мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналастырылған мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете алады.
6.2. Пайдаланушы сыртқы мемлекеттік ақпараттық ресурстарға өткен кезде тиісті ресурстарды одан әрі пайдалану олардың пайдалану шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
6.3. Қосымшада мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми ақпараттық ресурстарына сілтемелер тек ақпараттық мақсатта қамтылуы мүмкін.
7. Жауапкершілікті шектеу
7.1. Иесі мен Әкімшісі мыналар үшін жауапты болмайды:
· техникалық жұмыстарға байланысты Қосымшаның уақытша қолжетімсіз болуы;
· байланыс желілері жұмысындағы іркілістер;
· Иесіне немесе Әкімшісіне байланысты емес себептер бойынша Қосымшаны пайдалану мүмкін болмауы;
· сыртқы ақпараттық жүйелерде орналастырылған ақпараттың мазмұны;
· бөгде ақпараттық ресурстардың жұмысқа қабілеттілігі.
7.2. Иесі мен Әкімшісі сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану немесе пайдалана алмау салдарынан туындаған залал үшін жауапты болмайды.
8. Зияткерлік меншік
Тікелей Қосымшада орналастырылған барлық материалдар зияткерлік меншік объектілері болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
Материалдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
9. Келісімді өзгерту
Қосымшаның иесі осы Келісімге өзгерістер енгізуге құқылы.
Егер жаңа редакцияның өзінде өзге мерзім белгіленбесе, жаңа редакция Қосымшада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
10. Дауларды шешу
Қосымшаны пайдалану кезінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
11. Қорытынды ережелер
Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.