Құпиялылық саясаты «Salauat»
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) «Salauat» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі — Қосымша) пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.
1.2. Саясат мыналарға сәйкес әзірленді:
·                   Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне;
·                   «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне;
·                   «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
·                   «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
·                   Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне.
1.3. Қосымшаны пайдалану Пайдаланушының осы Саясатпен танысқанын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен дербес деректерді өңдеуге келісім бергенін білдіреді.
2. Негізгі ұғымдар
Осы Саясатта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Қосымша — денсаулық сақтау саласындағы электрондық сервистер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Пайдаланушы — Қосымшаны пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
Дербес деректер — айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер.
Дербес деректерді өңдеу — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректерді жинауды, жазуды, сақтауды, пайдалануды, беруді, жаңартуды, иесіздендіруді, бұғаттауды және жоюды қоса алғанда, дербес деректермен жасалатын әрекеттер.
3. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
Дербес деректер тек мынадай мақсаттарда өңделеді:
·    Пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау;
·    Қосымшаның сервистеріне қолжетімділік беру;
·    мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
·    интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынған мәліметтерді көрсету;
·    ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
·    пайдаланушылардың әрекеттерін тіркеу;
·    пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу;
·    Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
4. Өңделуі мүмкін дербес деректер
Пайдаланылатын сервиске байланысты мыналар өңделуі мүмкін:
·  тегі, аты, әкесінің аты;
·  ЖСН;
·  Пайдаланушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтер;
·  байланыс деректері (бар болса);
·  мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы көрсетілетін мәліметтер;
·  Қосымшаны пайдалану кезіндегі Пайдаланушының әрекеттері туралы мәліметтер;
·  техникалық ақпарат:
o        IP-мекенжай;
o        жүгіну күні мен уақыты;
o        құрылғы моделі және Қосымшаның нұсқасы;
o        операциялық жүйе туралы мәліметтер;
o        оқиғаларды тіркеу журналдары.
Дербесдеректердің көлемі тиісті сервистің функционалдығымен айқындалады.
5. Дербес деректерді алу көздері
Дербесдеректер мынадай жолдармен алынуы мүмкін:
·  тікелей Пайдаланушыдан;
·  мемлекеттік ақпараттық жүйелерден;
·  денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен;
·  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы.
6. Дербес деректерді өңдеуге келісім
Қосымшаныпайдалана отырып және сәйкестендіру не аутентификациялау рәсімінен өте отырып, Пайдаланушы, егер мұндай келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, Қосымшаның жұмыс істеуі және оның сервистеріне қолжетімділік беру үшін қажетті көлемде дербес деректерді өңдеуге келісім білдіреді.
ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында дербес деректер субъектісінің жеке келісімін алу көзделген жағдайларда өңдеу осындай келісім алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Дербес деректерді беру
Дербес деректер тек мынадай жағдайларда беріледі:
·                   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда;
·                   мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде;
·                   мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі сұрау салулары бойынша;
·                   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда.
Дербес деректерді трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалану
Қосымша мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынған мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қосымша сыртқы ақпараттық жүйелерден алынған ақпараттың мазмұнын өзгертпейді.
Интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынған ақпараттың толықтығы, дұрыстығы және өзектілігі үшін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің иелері өз құзыреті шегінде жауапты болады.
9. Дербес деректерді қорғау
Дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданылады, оның ішінде:
·                   қол жеткізу құқықтарын саралау;
·                   пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау;
·                   деректерді берудің қорғалған арналарын пайдалану;
·                   ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналға тіркеу;
·                   рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау;
·                   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.
10. Қызметтік деректерді құрылғыда сақтау
Қосымша Пайдаланушының құрылғысында қызметтік деректерді мынадай мақсаттарда сақтай алады:
·                  сервистердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
·                  пайдаланушы баптауларын сақтау;
·                  Қосымшаны пайдалану ыңғайлылығын арттыру;
·                  Қосымшажұмысының техникалық сипаттамаларын талдау.
Пайдаланушықұрылғы баптауларында Қосымшаның деректерін тазалау немесе Қосымшаны жою арқылы қызметтік деректерді жоюға құқылы, бұл ретте Қосымшаның жекелеген функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
11. Пайдаланушының құқықтары
Пайдаланушыныңмынадай құқықтары бар:
·                  өзініңдербес деректерін өңдеу туралы мәліметтер алу;
·                  ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректерді нақтылауды, толықтыруды не өзектендіруді талап ету;
·                  дербесдеректерді өңдеу мәселелері бойынша жүгіну;
·                  ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды іске асыру.
12. Дербес деректерді сақтау
Дербесдеректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер ішінде өңделеді және сақталады.
Сақтаумерзімдері өткеннен кейін дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен жойылуға не иесіздендірілуге жатады.
13. Саясатты өзгерту
Қосымшаныңиесі осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы.
Егержаңа редакцияда өзге мерзім белгіленбесе, Саясаттың жаңа редакциясы Қосымшада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
14. Қорытынды ережелер
ОсыСаясат Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
ОсыСаясатпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.