22.10.2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына барды
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына барды

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына (РЭДСО) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Арман Джансенгиров пен Жұлдыз Данбаева, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Болат Төкежанов барды.

Сапар аясында қонақтар РЭДСО қызметімен, денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың қазіргі жағдайымен және саладағы цифрлық технологияларды дамытудың негізгі бағыттарымен танысты.

Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері, денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялаудың перспективалы бағыттары, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру тәсілдері таныстырылды.

Сапар саланы цифрландырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.