14.10.2026
14 қазан күні ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлеріне арналған тренинг өткізілді.
14 қазан күні ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлеріне арналған тренинг өткізілді.
Тренинг Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабековтің жетекшілігімен өтті.
Кездесу барысында:
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер таныстырылды;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік түрлері түсіндірілді;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау тетіктері қарастырылды;
  • «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі бағыттары, оның ішінде адалдық, жауапкершілік, әділдік және заңға құрмет қағидаттары талқыланды.