26–28 тамыз аралығында Новосибирск қаласында XIII Халықаралық технологиялық даму форумы – «Технопром-2026» өтті. «Денсаулық сақтаудың цифрлық трансформациясы» атты пленарлық отырыста ҚР ДСМ РЭДCО бас директорының орынбасары Алмас Крамшеев онлайн форматта баяндама жасады.
Қазақстан қандай бағыттарды таныстырды:
- Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені (БММАЖ) – саланың бірыңғай цифрлық негізін дамыту
- Денсаулық сақтауда жасанды интеллектіні қолдану
- Пациенттің цифрлық бейіні
- Сала ресурстарын цифрлық басқару
- Телемедицинаны дамыту
Денсаулық сақтау ресурстарының цифрлық картасы: медициналық ұйымдар, инфрақұрылым және жабдықтар саланың қажеттіліктерін жоспарлау үшін бірыңғай кеңістікте жинақталған.
«Технопром» сияқты алаңдар өз тәжірибемізбен бөлісіп қана қоймай, басқа елдердің әріптестерімен тәсілдерімізді салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде саланы цифрландыру бағытында одан әрі жедел ілгерілеуге жол ашады.