Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына барды.
Вице-министр Ербол Оспановтың қатысуымен өткен жұмыс сапары барысында Орталықтың ағымдағы қызмет бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы (МСАК) жаңа цифрлық әзірлемелер таныстырылды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді дамытуға, цифрлық сервистерді жетілдіруге және саланы цифрландыру процестерінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше назар аударылды. Министр жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша РЭДСО басшылығына тиісті тапсырмалар берілді. Оларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.