«БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕ» ПОРТАЛЫНДА ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ: ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ БАҒАСЫН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРУШІНІҢ БАҒАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ
«Бірыңғай терезе» порталы қолжетімді электрондық сервистер тізімін кеңейтуді жалғастыруда. Енді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер мен жеткізушілер шекті бағаны тіркеу және өндірушінің бағасына өзгерістер енгізу рәсімдерінен толық онлайн форматта — мемлекеттік органдарға бармай және қағазбастылықсыз өте алады.
ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу» қызметі «Бірыңғай терезе» порталында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолжетімді болды. Сервис денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру аясында іске қосылды және бизнестің реттеуші органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған.
ҚЫЗМЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
🔹 Толық электрондық формат — өтінім беру, құжаттарды жүктеу және нәтижені бір терезеден алу, мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.
🔹 Процестің ашықтығы — өтінім беруші қарау мәртебесін әр кезеңде нақты уақыт режимінде бақылай алады.
🔹 Мерзімдерді қысқарту — құжаттарды тексеру және бағыттау процестерін автоматтандыру шешім қабылдауды жеделдетеді.
🔹 Әкімшілік жүктемені азайту — қағаз құжат айналымын барынша азайту, деректердің қайталануын болдырмау.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Қызметтің қолжетімділігі — 24/7, жұмыс уақытына тәуелсіз
Ведомствоға қажетті бару саны — 0
Қағаз құжат айналымын қысқарту — 100 %
Іске қосылған сәттен бастап берілген өтінімдер саны:
«Дәрілік заттардың бағасын тіркеу» — 7 өтінім
«Дәрілік зат өндірушісінің бағасына өзгерістер енгізу» — 16 өтінім
«Бұл қызметтің „Бірыңғай терезе“ порталында іске қосылуы — бизнестің уақытын кезек пен қағазға емес, дамуға жұмсауы үшін жасалған тағы бір қадам. Біз реттеуші процестерді жылдам, түсінікті және цифрлық форматқа көшірудеміз».
ҚЫЗМЕТТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
1. «Бірыңғай терезе» порталына авторизациядан өтіңіз: https://eo.ehealth.kz/auth/login
2. Дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар бөліміне өтіңіз.
3. «Бағаны тіркеу / Өндірушінің бағасына өзгерістер енгізу» қызметін таңдаңыз.
4. Электрондық нысанды толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз.
5. Жеке кабинетте өтінім мәртебесін бақылаңыз.