17.06.2026
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратұлы фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Нұршат Сарыбек те қатысты.

Кездесу барысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел барысында дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру, дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және саланың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.