СУР АЖ 2.0 енгізу денсаулық сақтау саласының кадрлық және материалдық-техникалық ресурстары бойынша толық көрініс қалыптастыруға, деректердің бытыраңқылығын және есептік жазбалардың қайталануын болдырмауға, мәліметтерді қолмен енгізуді мемлекеттік жүйелерден автоматтандырылған түрде алумен алмастыруға, мониторинг, визуализация және аналитика құралдарын енгізуге, денсаулық сақтауды мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, саланы басқару тиімділігін және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау ресурстары мен кадрларына қажеттіліктің объективті болжамын қалыптастыруға мүмкіндік береді.