Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірдің медициналық қауымдастығымен кеңес өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Нұршат Сарыбек қатысты.
Кеңес барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, босандыру қызметін ұйымдастыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Денсаулық сақтау жүйесін цифрлық сүйемелдеу және негізгі көрсеткіштерді мониторингтеу үшін деректерді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі медициналық көмектің сапасын арттыру және өңірлік деңгейде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.