Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығында Бас директордың орынбасары С. Тоғызбайдың төрағалығымен алғашқы медициналық-санитариялық көмекті цифрландыру мәселелері бойынша №5 Қалалық емхана, РЦПМСП және ҰҒДСО өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің интеграциясы, есептілікті қалыптастыру, медициналық құжаттаманы цифрландыру және ақпараттық жүйелердің техникалық шектеулеріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Қатысушылар БХТ, РБЖ, ДКПН, ДНЭТ жүйелері мен басқа да цифрлық сервистердің өзара іс-қимылы, сондай-ақ ПМСП ұйымдарындағы деректер сапасын арттыру және цифрлық процестердің тиімділігін жетілдіру тетіктерін талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар ұсыныстармен алмасып, бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын айқындады.