22.04.2026
Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының делегациясымен кездесу
Бүгін жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Баязитов бастаған Қостанай облысының делегациясы өңірдің медициналық ұйымдарының басшыларымен бірлесіп Астана қаласындағы ҚР Электрондық денсаулық сақтау республикалық орталығына барды.

Сапар барысында бас директор Нұршат Сарыбекпен кездесу өтті, оның шеңберінде ресурстарды басқару жүйесінің (РБЖ2) және бірынғай кадр жүйесінің (БКЖ) жұмыс істеуін қоса алғанда, денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері талқыланды.

Тараптар ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде медициналық ұйымдарда туындайтын өзекті мәселелерді, сондай-ақ оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарады.

Денсаулық сақтау жүйесінде цифрлық шешімдерді енгізу және дамыту есебінен Қостанай облысының тұрғындарына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.