2026 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Аида Балаева мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдер көрмесі ұсынылды.
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы саланың цифрлық трансформациясын қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйелерді таныстырды.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын есепке алу және жоспарлау, дәрілік қамтамасыз ету, медициналық деректерді республикалық деңгейде шоғырландыру, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау процестерін цифрландыруға бағытталған цифрлық шешімдер көрсетілді.
Ұсынылған жобалар денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағыттарын қамтып, басқарушылық шешімдерді қолдау үшін деректерді жинау, сақтау және талдауды қамтамасыз етеді.
РЭДСО іске асыратын мемлекеттік ақпараттық жүйелер процестердің ашықтығын арттыруға, саланы басқару тиімділігін күшейтуге және деректер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.