14.01.2026
Денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялауға арналған жұмыс кеңесі өтті
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының базасында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Хасенұлының төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялауға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Негізгі басымдықтар талқыланды: медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайту, үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректер мен жасанды интеллект технологиялары арқылы саланы тиімді басқару.

Smart Data Healthcare жобасы қаралды. Бұл жоба мемлекеттік және жекеменшік медициналық жүйелердің деректерін біріктіріп, кешенді аналитика жүргізуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Азаматтар өздерінің емделу тарихын, тағайындауларын және алған қызметтерін бір жерден көре алады.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда пациенттердің нақты келуін тіркеудің заманауи тетіктері енгізілуде. Ол биометриялық сәйкестендіру (Face ID) арқылы жүзеге асырылады. Енді қабылдауға келгенін екі тәсілмен растауға болады: eGov Mobile қосымшасы арқылы немесе биометрия көмегімен.

«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында азаматтар 700 мемлекеттік дәріхана арқылы кепілдендірілген дәрілік препараттар пакетін алуда. Қазірдің өзінде 17 миллион рецепттің 13,9 миллионынан астамы пайдаланылды.

Келесі жылдан бастап бағдарламаға жекеменшік дәріханалар да қосылады және қосымша төлем (сооплата) тетігі енгізіледі. Бұл ретте деректердің қорғалуы мен жалғандықтың алдын алу қамтамасыз етіледі.

Презентация қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесі үшін жеке деректерді өңдеу орталығын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Барлық цифрлық шешімдер азаматтар үшін нақты нәтиже беруге және медициналық персоналға түсетін жүктемені азайтуға бағытталып, кезең-кезеңімен енгізіледі.