29.09.2022
Мемлекет басшысына eGov mobile қосымшаның  жаңа сервисі eDensaulyq таныстырылды
2022 жылғы 28 қырқүйекте Digital bridge форумы аясында Денсаулық сақтау вице - министрі Б.С. Есенбаев пен "РЭДСО" РМК бас директоры А. А. Сарманов Мемлекет басшысына eGov Mobile-дың eDensaulyq жаңа сервисін таныстырды. Ол клиникалық қызметтер, ауруханаға жатқызулар, емделген жағдайлар, ауруханалық парақтар және т.б. бойынша нәтижелер береді. Жақында eDensaulyq барлық азаматтарға Egov Mobile қосымшасында қолжетімді болады.