28.11.2024
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы eMED конференциясына қатысты
Астанада «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған eMED конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ Kazakhtelecom Business сарапшылары қатысты.

Конференцияда цифрландырудың негізгі аспектілерін атап өткен әріптестеріміз сөз сөйледі: ДЗ қадағалау жобаларын іске асыру Департаментінің директоры Әсемгүл Бауыржанқызы Өтепова Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде таңбалау коды бар дәрілік заттарды қадағалау жөніндегі жоба туралы айтып берді. Өз сөзінде ол таңбалау коды бар дәрілік заттарды қабылдау және айналымнан шығару бөлігінде «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» АЖ модификацияларын таныстырды. Келесі жылға арналған жоспарлар таңбаланған ДЗ есепке алу және бақылау процестерін одан әрі оңтайландыруға бағытталған, бұл денсаулық сақтау объектілерінде Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттардың болуын мониторингілеу мен басқарудың орталықтандырылған құралын құруға мүмкіндік береді. eDensaulyq жобаларын іске асыру Департаментінің мобильді шешімдер жобаларын іске асыру және иммундау бөлімінің бастығы Қасымқанов Олжас конференцияда «Жеке медициналық кітапша» жобасын ұсынды. Ол декреттелген халық топтарының жұмысына рұқсат беру үшін міндетті медициналық тексерулерді есепке алуды автоматтандыруға арналған жаңа цифрлық шешімнің мақсаты мен функционалдығы туралы айтты. Енді электронды медициналық кітаптар eGov mobile қосымшасындағы «eDensaulyq» сервисінде қолжетімді болады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке медициналық кітапшалар тек электронды форматта беріледі, бұл процесті жеңілдетеді және ашықтықты арттырады. Конференция денсаулық сақтауды цифрландыруды жеделдетуге және ұлттық жобалар шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдерді талқылау үшін маңызды платформаға айналды.