28.09.2022
Kaspi.kz, ҚР ДСМ және ҚР ЦДИАӨМ анықтама алу сервисін іске қосты
РЭДСО, ҚР ДСМ, "Kaspi Bank" АҚ және ҚР ЦДИАӨМ бірлескен жұмыстары аясында 2022 жылғы 27 қыркүйекте мобильді Kaspi.kz қосымшада наркология, психиатрия және фтизиопульмонология орталықтарынан мәліметтер ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтер іске қосылды.

Сервисінің арқасында Kaspi.kz қосымшасы клиентке жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде, жүргізуші куәлігін алу немесе виза алу кезінде талап етілетін анықтамаларды онлайн және барынша жедел алуға мүмкіндік береді.
Бұл қазақстандықтарға күнделікті мәселелерді шешуді жеңілдету үшін мемлекет пен бизнестің күш біріктіруінің тағы бір сәтті мысалы.

Алынған анықтамалар Kaspi.kz қосымшада "Мемлекеттік қызметтер" → "Цифрлық құжаттар" бөлімінде қолжетімді болады. Анықтамаларды көруге, жүктеуге немесе қажетті адресатқа электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жіберуге болады.