27.03.2024

27 наурызда Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы 18 жасқа дейінгі вакцинациялауға жататын балаларды жоспарлаудың бизнес-процесін реинжинирингтеу бойынша фокус-топ өткізді

27 наурызда Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы 18 жасқа дейінгі вакцинациялауға жататын балаларды жоспарлаудың бизнес-процесін реинжинирингтеу бойынша фокус-топ өткізді.

Фокус-топ шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Оқу-ағарту министрліктердің ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалана отырып, вакцинациялауға жататын жоспарлау процесін цифрландыруға бағытталған шешімдер ұсынылды .

Бұл мамандардың қол еңбегін қоспағанда, автоматтандырылған режимде жыл сайынғы және ай сайынғы вакцинация жоспарларын құруға, вакцинацияға шақыру процесін бақылауды жақсартуға және пациенттердің алдағы вакцинация кестесі туралы хабардарлығын арттыруға, МСАК мамандарының қол еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін мамандар мен халық арасында сауалнама жүргізілген болатын, қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан мамандардың 89% вакцинациялауды жоспарлау процесін цифрландыруға оң көзқараспен қарайтынын, халықтың 83% өз балаларына ұлттық егу күнтізбесінің кестесіне сәйкес екпе салатынын көрсетті.

Ұсынылған өзгерістерге пациенттер тізімін автоматтандырылған жаңартумен жоспарлау процесін цифрландыру, вакцинацияға шақыру әдістерін кеңейту және автоматтандырылған келісу/вакцинациядан бас тарту процестері кіреді.
Бұл қадамдар клиенттің орталықтылығын жақсартуға және мамандардың да, пациенттердің де ауырсынуын азайтуға бағытталған.