25.11.2022
«Ішкі аудит қызметінің басшысы» бос жұмыс орны
ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-да «Ішкі аудит қызметінің басшысы» (ІАҚ) бос орны босатылды.
ІАҚ қызметінің негізгі мақсаты РЭДСО Байқау кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруде жүйелі тәсілді қолдану арқылы РЭДСО тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1) экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит саласындағы жоғары кәсіптік білім;
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл;
3) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын білу;
4) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың біреуінің болуы: мемлекеттік аудитордың сертификаты, CIA ішкі аудит саласындағы сертификат (Certified Internal Auditor); аудитордың біліктілік куәлігі немесе АССА алқаби бухгалтерінің сертификаты (Association of Certified Chartered Accountants) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтердің сертификаты немесе DipIFR дипломы (Diploma in International Financial Reporting) немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты; CISA (Certified information Systems auditor) немесе CISM (Certified information Security manager) немесе ITIL (Information technology infrastructure library) сертификаты; CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy), CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor), басқа да халықаралық деңгейде танылған куәлік немесе сертификат.
5) мемлекеттік және жақсырақ шет тілдерін білу.

ІАҚ лауазымына экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, мемлекеттік қызмет немесе мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы қылмыстар үшін алып тасталмаған немесе заңдарда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адамды тағайындауға жол берілмейді.
Іріктеуге қатысу үшін кандидатураларыңызды 2022 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей idrisov_a@ezdrav.kz электрондық почтасына жіберу қажет:
1) Жұмыс тәжірибесін сипаттайтын түйіндеме.
2) Өмірбаян.
3) Мотивациялық хат.