24.10.2024
Республика күнінің мемлекеттік мерекесіне орай қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі
Бүгін РЭДСО-да ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Д. Оспанов қатысқан Республика күнінің мемлекеттік мерекесіне орай қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мереке аясында Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ мінсіз адалдығы үшін салтанатты рәсімге қатысушылар "Құрмет" грамоталарымен, Денсаулық сақтау саласындағы кәсібилігі мен жетістіктері үшін алғыс хаттармен және төс медальдармен марапатталды.

Бас директор А. А. Сарманов әріптестерін мерекемен құттықтап, оларға бақыт пен денсаулық тілектерін, сондай-ақ баға жетпес еңбектері үшін алғыс білдірді.
Барлық марапатталғандарды құттықтаймыз!