21.09.2022
«Комплаенс-офицердің» бос жұмыс орны
ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-да «Комплаенс-офицердің» бос жұмыс орны белгіленді.
КО қызметінің негізгі мақсаты Кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Біліктілік талаптары:
1) Құқық және/немесе экономика және қаржы саласындағы жоғары білім;
2) құқықтың кәсіптік саласында немесе экономика және қаржы салаларындағы жұмыс өтілі – 3 (үш) жылдан кем емес;
3) ұйымның бейініне сәйкес экономикалық қызмет түріндегі жұмыс өтілі - 3 (үш) жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
5) мемлекеттік тілді білу.
Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, мемлекеттік қызмет немесе мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы қылмыстар үшін алып тасталмаған немесе заңдарда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адамды лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

Іріктеуге қатысу үшін кандидатураларыңызды 2022 жылғы 14 қазаннан кешіктірмей idrisov_a@ezdrav.kz электрондық почтасына жіберу қажет:
1) Жұмыс тәжірибесін сипаттайтын түйіндеме.
2) Өмірбаян.
3) Мотивациялық хат.

Комплаенс-офицер туралы ереженің талаптарына сәйкес кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жеке қауіпсіздік департаментімен келісілетін болады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жеке қауіпсіздік департаментімен келісілген кандидаттардың тізімі анықталғаннан кейін Кәсіпорынның Байқау кеңесі кандидаттармен сұхбаттасу өткізетін болады.