14.11.2022
Қырғыз Республикасының әріптестерімен денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша кездесу
2022 жылғы 17-18 қазанда Алматы қаласында Қырғыз Республикасының әріптестерімен денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша «ҚР электрондық денсаулық сақтау жетістіктері және одан арғы жоспарлар» атты кездесу өтті.

2022 жылғы 17-18 қазанда Алматы қаласында Қырғыз Республикасының әріптестерімен денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша «ҚР электрондық денсаулық сақтау жетістіктері және одан арғы жоспарлар» атты кездесу өтті. ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК Бас кәсіпорнының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы өңірлік филиалының мамандары қатысты.
Шетелдік әріптестер ҚР цифрлық денсаулық сақтау архитектурасымен, нормативтік актілермен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жұмысымен танысты. ҚР ДСМ АЖ жұмысын жетілдіру бойынша барлық сұрақтар мен ұсыныстар белсенді талқыланды. Одан әрі жемісті ынтымақтастық жасауға үміттенеміз