14.10.2022
Kaspi.kz қосымшасында «баланың туу туралы куәлігін алу» қызметі қолжетімді
РЭДСО, ҚР ДСМ, ҚР ӘМ, ҚР ЦДИАӨМ "Kaspi Bank" АҚ-мен жұмыс шеңберінде Kaspi.kz платформа пайдаланушыларына баланың тууы туралы онлайн куәлік алу бойынша қызметін іске асырды.
Енді Kaspi.kz қосымшада «Мемлекеттік қызметтер» – «Цифрлық құжаттар» бөлімінде туу туралы куәлікке өтініш беру мүмкіндігі пайда болды . Ол үшін ата-ана мен баланың деректерін енгізу керек, содан кейін азамат құжатты алғысы келетін ХҚКО-ны таңдау қажет. Өтініш берген кезде ата-ана Kaspi.kz қосымшада бейне тексеруден өтуі керек. Бұл бөгде адамдардың жеке құжаттарға кіруіне жол бермеу үшін жасалған

Бұл қызмет көптеген қазақстандық отбасыларға мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге және жаңа туған нәрестеге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Халық арасында танымал қосымшалар мен мемлекеттік органдардың арқасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен жеделдігі артады, сонымен қатар цифрландыру саласында одан әрі жетістіктерге жету үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады.