Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Қазақстандағы цифрлық денсаулық сақтауды стандарттау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Қазақстандағы цифрлық денсаулық сақтауды стандарттау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігімен және ДДСҰ елдік кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылды және осы өзекті саладағы ағымдағы сын-қатерлер мен жетістіктерді талқылау үшін маңызды платформа болды.
Денсаулық сақтауды цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық басымдық болып табылады және дөңгелек үстелде сарапшылар Өзбекстан, Финляндия, Испания және Норвегия сияқты елдерден халықаралық стандарттарды енгізудің құнды тәжірибесімен алмасты.
Қатысушылар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін денсаулық сақтау жүйелері арасындағы интероперабельділіктің маңыздылығын талқылады.
Іс-шараға мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі секторлардан 52 сарапшы жиналды, бұл цифрлық денсаулық сақтау саласындағы ортақ мақсаттарға жету үшін сектораралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын көрсетеді.